Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Азаматтарды, əсіресе балаларды кибербуллингтен қорғау жөніндегі заңнамалық шараларды қабылдайтын кез келді. Балалар құқығын қорғау жөніндегі басқа да шараларды күшейту керек» деген болатын. Бүгінде аталған бағыт бойынша Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде 1-курс студенттеріне арналған «Кибербуллинг туралы әңгімелесейік» тақырыбында вебинар өткізілді. Колледж психологы Шалхарбаев Е.Д. кибербуллинг ұғымы және оның түрлері мен салдары туралы мәлімет беріп, одан қорғану жолдарын білім алушыларға жан-жақты түсіндірді.

Подробнее...

05.03.2021ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Сыйынар ем, ана деген тәңірге» атты мерекелік концерт өтті. Колледж директоры Әміров Е.С. әйелдер қауымына ізгі тілегін білдірді. Мерекеде айтылған тілектер мен шырқалған әндер колледждің аяулы ұстаздарына арналды.

Подробнее...

25.02.2021 жылы Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «ХХІ ҒАСЫР - БІЛІМДІ ЖАСТАР ҒАСЫРЫ!» оқу сауаттылығы апталығы аясында «Бастауыш білім беру» бөлімінің Б-18, Б-19 топ студенттеріне «Түсініп оқу - оқу құзыреттілігін қалыптастырудың негізі: мәтінмен жұмыс» коучинг сабағы өткізілді. Коучинг барысында білімалушылар түсініп оқу және оның мақсаты туралы білімдерін жетілдіріп, мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлерін қарастырды. Орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Сулейменова К.А. мәтінмен жұмыс істеудің әртүрлі кезеңдерінде қолданылатын түсініп оқудың кең таралған стратегиялары туралы әңгімеледі.

Подробнее...

2021 жылдың 5 наурызында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі бойынша «Worldskills-2021» чемпионаты өтті. «Worldskills-2021» колледжішілік чемпионатының жарыстық тапсырмалары 3 модульден құралды. Бірінші модульде қатысушылар ҰОҚ конспектісін жасап, фрагментін өткізді. Екінші модульде АКТ жабдықтарында дидактикалық ойын, ал үшінші модульде конспект әзірлеп, қимылды ойын өткізді. Чемпионат нәтижесінде Полина Котова 1 орынды, Лукашевич Виктория 2 орынды, Мекентай Айтолқын 3 орынды иеленді. Студенттерді жеңістерімен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!

Подробнее...

Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде оқытудағы инновациялық-көркемдік көзқарастың дамуының маңызды бөлігі ретінде бейнелеу өнері ерекшелігін сақтап және дамыта отырып, ата-бабаларымыздан келе жатқан мұраны жас ұрпаққа жаңаша көзқараспен жеткізіп, насихаттау мақсатында «Бабалар мұрасы жас ұрпақ көзқарасымен» тақырыбындағы қысқа мерзімдік оқыту семинар-практикумы ұйымдастырылып, өткізілді. Оқыту семинар-практикумына Балхаш, Саран, Жезқазған, Теміртау, Топар, Дубовка, Сәтпаев қалалары, Бұқар жырау, Ақтоғай, Нұра, Қарқаралы аудандары және Қарағанды қаласының балаларға қосымша білім беретін ұйымдарының «Бейнелеу өнері» және «Сәндік-қолданбалы өнер» бөлімдері педагогтары қатысты.

Подробнее...

Задумались о посещении нашего колледжа?

Карагандинский гуманитарный колледж оказывает услуги в сфере технического, профессионального, послесреднего образования, осуществляя подготовку специалистов с образованием на базе 9 и 11 классов средней школы. ДА!