- Подробности
- Автор: Skladpro.kz
-
Категория: Главная
-
Опубликовано: 27 Ноябрь 2020
-
Просмотров: 130
25.11.2020 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында ұлы ғалым-ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 185 жылдығына орай Кеш қонақтары Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына қатысты қызықты мағлұматтар берді. Мұндай тағылымды, тәрбиелік мәні зор шаралардың колледж студенттеріне берері ‒ мол.
Подробнее...- Подробности
- Автор: Skladpro.kz
-
Категория: Главная
-
Опубликовано: 26 Ноябрь 2020
-
Просмотров: 121
26.11.2020ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі «Шетел тілі» бөлімінің студенттері Абильмажин А.А. жетекшілігімен байқау іс-тәжірибесінде «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен онлайн форматта «Magic world», «My country: Our planet», «Adventure time» тақырыптарында сабақтар өткізді. Практикадан өтуші студенттер сабақ барысында жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен қолданды. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Guess the word», «Name that tune», «Spelling bee» әдістері бойынша қызықты, әрі танымдық мәні бар, тақырыпқа сай тапсырмалар ұсынылды. Сөйлемді толықтыру, сөздерді табу, сұрақтарға жауап алу арқылы кері байланыс орнатылды.
Подробнее...- Подробности
- Автор: Skladpro.kz
-
Категория: Главная
-
Опубликовано: 25 Ноябрь 2020
-
Просмотров: 137
25-26.11.2020 ж. «Ұлы Дала» жобасы аясында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің «Әлеуметтік-экономикалық пәндер» ЦӘК оқытушылары Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесе отырып, «Қазақстанның ежелгі қалалары» тақырыбында 1 курс студенттеріне арналған танымдық сабақтар өткізді. Мұражайдың ғылыми қызметкері Ақниет Дулатқызы студенттерді сауда-экономикалық, саяси және стратегиялық орталықтар болған ежелгі Қазақстан аумағындағы ежелгі қалалардың құрылымдық ерекшеліктерімен, археологиялық құндылықтарымен таныстырды. Ежелгі қалаларды баяндауда кездесе бермейтін деректерге тоқталып, білім алушыларға құнды материалдар ұсынды.
Подробнее...- Подробности
- Автор: Skladpro.kz
-
Категория: Главная
-
Опубликовано: 25 Ноябрь 2020
-
Просмотров: 283
ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ! Құрылтайшысы Қарағанды облысы Білім басқармасы болып табылатын «Қарағанды гуманитарлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорныны үшін 2020 жылдың 15 қыркүйегі колледждің естелік қорына тарихи күн болып жазылмақ. Себебі Қарағанды облысы әкімінің 15 қыркүйек 2020 жылғы №61/02 қаулысы мен «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны деп аталатын болады. Болашақ ұстаз дайындауда талмай қызмет жасап келе жатқан педагогикалық ұжымды жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз. Білім беру саласындағы беделіміз әрқашан биік болсын!
Подробнее...- Подробности
- Автор: Skladpro.kz
-
Категория: Главная
-
Опубликовано: 24 Ноябрь 2020
-
Просмотров: 122
Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Бастауыш білім беру» бөлімінде «A new look at education» тақырыбында кәсіптік бағдар беру ашық тәрбие сағаты өтті. Шараға Елтай орта мектебінің 9 сынып оқушылары қатысты. Топ жетекшісі Лунева Т.Е. және 2 курс студенттері мектеп оқушыларын колледждегі оқу үдерісі туралы мәлімет беріп, студенттік өмірмен таныстырды. Оқушылар мұғалімдер және студенттер тарапынан көптеген сұрақтарға жауап алды.
Подробнее...