попечительский совет

«Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК Қамқоршылық кеңесінің мүшелері

www.enbek.kz

электронная биржа труда Министерства труда и социальной защиты населения РК

ANTIKOR

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

--

www.fincenter.kz

Мемлекеттiк және жеке меншік мектептердегі жан басына шаққандағы қаржыландыру

Подушевное финансирование в государственных и частных школах

Расписание занятий

Расписание занятии на 2020-2021 учебный год

26.11.2020ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі «Шетел тілі» бөлімінің студенттері Абильмажин А.А. жетекшілігімен байқау іс-тәжірибесінде «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен онлайн форматта «Magic world», «My country: Our planet», «Adventure time» тақырыптарында сабақтар өткізді. Практикадан өтуші студенттер сабақ барысында жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен қолданды. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Guess the word», «Name that tune», «Spelling bee» әдістері бойынша қызықты, әрі танымдық мәні бар, тақырыпқа сай тапсырмалар ұсынылды. Сөйлемді толықтыру, сөздерді табу, сұрақтарға жауап алу арқылы кері байланыс орнатылды.

Подробнее...

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ! Құрылтайшысы Қарағанды облысы Білім басқармасы болып табылатын «Қарағанды гуманитарлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорныны үшін 2020 жылдың 15 қыркүйегі колледждің естелік қорына тарихи күн болып жазылмақ. Себебі Қарағанды облысы әкімінің 15 қыркүйек 2020 жылғы №61/02 қаулысы мен «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны деп аталатын болады. Болашақ ұстаз дайындауда талмай қызмет жасап келе жатқан педагогикалық ұжымды жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз. Білім беру саласындағы беделіміз әрқашан биік болсын!

Подробнее...

Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Бастауыш білім беру» бөлімінде «A new look at education» тақырыбында кәсіптік бағдар беру ашық тәрбие сағаты өтті. Шараға Елтай орта мектебінің 9 сынып оқушылары қатысты. Топ жетекшісі Лунева Т.Е. және 2 курс студенттері мектеп оқушыларын колледждегі оқу үдерісі туралы мәлімет беріп, студенттік өмірмен таныстырды. Оқушылар мұғалімдер және студенттер тарапынан көптеген сұрақтарға жауап алды.

Подробнее...

25-26.11.2020 ж. «Ұлы Дала» жобасы аясында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің «Әлеуметтік-экономикалық пәндер» ЦӘК оқытушылары Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесе отырып, «Қазақстанның ежелгі қалалары» тақырыбында 1 курс студенттеріне арналған танымдық сабақтар өткізді. Мұражайдың ғылыми қызметкері Ақниет Дулатқызы студенттерді сауда-экономикалық, саяси және стратегиялық орталықтар болған ежелгі Қазақстан аумағындағы ежелгі қалалардың құрылымдық ерекшеліктерімен, археологиялық құндылықтарымен таныстырды. Ежелгі қалаларды баяндауда кездесе бермейтін деректерге тоқталып, білім алушыларға құнды материалдар ұсынды.

Подробнее...

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай - дана, Абай - дара қазақта» атты жалпы республикалық байқауға қатысып, жүлделі орындарға ие болған Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері Кентаева Рахатты, Әлімбай Диананы, Қадырова Назымгүлді құттықтаймыз!

Подробнее...

Задумались о посещении нашего колледжа?

Карагандинский гуманитарный колледж оказывает услуги в сфере технического, профессионального, послесреднего образования, осуществляя подготовку специалистов с образованием на базе 9 и 11 классов средней школы. ДА!