попечительский совет

«Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК Қамқоршылық кеңесінің мүшелері

www.enbek.kz

электронная биржа труда Министерства труда и социальной защиты населения РК

ANTIKOR

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

--

www.fincenter.kz

Мемлекеттiк және жеке меншік мектептердегі жан басына шаққандағы қаржыландыру

Подушевное финансирование в государственных и частных школах

Расписание занятий

Расписание занятии на 2020-2021 учебный год

28.10.2020 ж. күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы колледж студенттері арасында Қазақстан тарихы пәнінен «Ұлы Жеңісті жүрегімізде сақтаймыз» атты облыстық онлайн олимпиада өткізді. Олимпиада сұрақтары Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесін бейнелейтін мазмұнды тақырыптарды қамтыған. Облыстық онлайн олимпиадаға қатысқан колледжіміздің студенті Қуанышбекқызы Айкөркем І орынды иеленді, ғылыми жетекшісі Аяғанов А.Б.

Подробнее...

24.10.2020 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» циклдық-әдістемелік комиссиясының шығармашылық апталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлы данышпан Әл-Фарабидың туғанына 1150 жыл, хакім Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Әл-Фараби – Абай: рухани мұраларының үндестігі» тақырыбындағы студенттердің колледжішілік ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Мақсаты:Ұлы данышпандарды тану ‒ халқымыздың тарихын, әдебиеті мен мәдениетін тану, сондықтан әл-Фарабимен А.Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығының қыр-сырына, зерттелуіне, рухани-тәрбиелік тағылымына қатысты зерттеу жұмыстарымен танысып, жоба қорғау. Конференция жұмысы екі бағытта жүрді:1.«Әл-Фараби мен Абай ‒ әлемдік маңызы бар тұлға» (Әл-Фарабидың, А.Құнанбайұлының азаматтық бейнесі, сан қырлылығы туралы); 2.«Әл-Фараби мен Абай мұрасы ‒ бүкіладамзаттық руханияттың інжу-маржаны»(рухани-адамгершілік, тәрбиелік тағылымы және оны оқыту мәселелері туралы). Студенттер әл-Фараби мен А.Құнанбайұлының білім-ғылым, әдебиет пен мәдениет, өнер саласына қосқан өлшеусіз үлесі туралы жоба қорғап, көпшілік назарына ұсынды.

Подробнее...

22.10.2020 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» ЦӘК шығармашылық апталығы аясында «Мен таңдаған мамандық» атты колледж түлектерімен онлайн кездесу өтті. Мақсаты‒студенттерге мамандық таңдаудың жауапты әрекет екендігін, оның қыр-сырын байыптап, бағдарлауға икемдеу. Мамандықтың адам өмірінде алатын орнын, маңызын түсіну. Адал еңбек етудің мәнін ұғыну. Білім алушылармен кездесу барысында, кеш қонақтары колледжіміздің түлектері - А.Мырзахмет, педагогика ғылымдарының магистрі, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, «Қасым» республикалық әдеби-қоғамдық журналының жауапты хатшысы, Т.Ғ.Сейтжанова - А.Байтұрсынұлы атындағы №41 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Үздік тіл маманы-2018» республикалық байқауының, «Жыл мұғалімі-2019» қалалық сайысының жеңімпазы. К.Б.Хасен - жас ақын, Ж.Ташенов атындағы Қарағанды банк колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің оқытушысы, «Жылдың үздік ақыны-2019» жүлдегері колледжден алған білім, ұстаздар қауымы, студенттік өмірдің қызықты шақтары, мамандық туралы сыр бөлісті.

Подробнее...

24.10.2020ж күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде қашықтықтан оқыту кезінде «Жасөспірімдерге өзінің психикалық денсаулығын қорғау үшін қалай көмектесу қажет» тақырыбында 1 курс студенттерінің ата-аналарының қатысуымен онлайн вебинар өтті. Колледж психологі психикалық денсаулық мәселесін нығайтуда ата-ана мен баланың өзара тығыз байланысы маңызды екенін айта отырып, ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы жайында кеңес берді.

Подробнее...

12.09.2020ж. күні Қарағанды гуманитарлық колледжінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын түсіндіру бойынша студенттермен онлайн-кездесу өтті. Жыл сайын қоғамға жолданған бағдарламалардың ішінде Президент Жолдауы ерекше орын алады. Қазіргі Жолдаудың ерекшелігі - онда қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартудың нақты бағдарламасы көрсетілген. Әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушылары Исатаев Д.Қ. және Ерболаұлы Б. Жолдауда көрсетілген негізгі бағыттар бойынша түсініктеме берді. Тұтастай алғанда, баяндамашылар атап өткендей, Мемлекет басшысының жаңа Жолдауы әлемдік дағдарыс жағдайында жүйелі экономикалық, әлеуметтік, саяси және құқықтық реформаларды жүргізу, оның ішінде ел алдында тұрған мақсаттарға жету үшін мемлекеттік басқару мен құқықтық реттеу тиімділігін арттырудың стратегиялық бағытын кезең-кезеңімен жүзеге асыруды қарастырады.

Подробнее...

Задумались о посещении нашего колледжа?

Карагандинский гуманитарный колледж оказывает услуги в сфере технического, профессионального, послесреднего образования, осуществляя подготовку специалистов с образованием на базе 9 и 11 классов средней школы. ДА!