попечительский совет

«Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК Қамқоршылық кеңесінің мүшелері

www.enbek.kz

электронная биржа труда Министерства труда и социальной защиты населения РК

ANTIKOR

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

--

www.fincenter.kz

Мемлекеттiк және жеке меншік мектептердегі жан басына шаққандағы қаржыландыру

Подушевное финансирование в государственных и частных школах

Расписание занятий

Расписание занятии на 2020-2021 учебный год

10.12.2020ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Әл-Фарабидың туғанына 1150 жыл, Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «ӘЛ-ФАРАБИ-АБАЙ:РУХАНИ МҰРАЛАРЫНЫҢ ҮНДЕСТІГІ» тақырыбында қалалық мектеп оқушылары арасындағы ғылыми-танымдық конференциясы өтті. Конференция мақсаты ‒ қазақтың киелі топырағынан шыққан асыл ойдың алыптары Әбу Насыр әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының рухани мұраларының үйлесімінің сырына үңіле отырып, әр дәуірде өмір сүргенімен, артында қалдырған еңбектеріндегі рухани-адамгершілік үндестікті танып, талдап, қазіргі біз өмір сүріп отырған қоғаммен байланысының маңыздылығын ашу. «Болашақ» академиясының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы,Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі директоры Әміров Есжан Сарманқұлұлы, Қарағанды қаласының білім бөлімінен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің әдіскері Қадыр Айгүл Еркінқызы, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУдоценті, филология ғылымдарының кандидаты Төлеубаева Камшат Аманбайқызы оқушыларға сәттілік тіледі. Конференция жұмысы екі бағытта жүрді. 1.«Әбу Насыр әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлы‒ әлемдік маңызы бар тұлға» 2.«Әбу Насыр әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлы мұрасы ‒ бүкіладамзаттық руханияттың інжу-маржаны» Конференцияның әр бағыты бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жеңімпаздар жетекшілеріне және барлық қатысушыларға алғыс хаттар берілді. Конференция материалдары жинаққа енді.

Подробнее...

09.12.2020ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Айтыс – өнердің алтын діңгегі» тақырыбында айтыскер ақындармен онлайн кездесу кеші өтті. Кештің мақсаты – жергілікті ақын-жазушыларды ардақтау, шығармашылығын насихаттау және халық дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу. Кеш қонақтары: филология ғылымдарының кандидаты, доцент, айтыскер ақын Айтбай Жұмағұлов, телқоңыр ақын, облыстық, республикалық айтыс, мүшәйралардың жүлдегері Тілеген Әділов жалғасын тауып келе жатқан қазақтың төлөнерінің бүгінгі беталысын, ақындық дәстүрдің қазіргі өзгешеліктері мен айырмашылықтары жайында айтты. Іс-шара барысында студенттер өздерін толғандырып жүрген сауалдарға жауап алып, ақындардың қызықты естеліктерін тыңдады. Ұлттың ұлылығын ұлықтап, ұлттық дәстүрімізді дәріптеп жүрген парасатты өнер иелері домбыра шертіп, айтыс өнерінен шағын үзінділер келтірді.

Подробнее...

04.12.2020ж. күні «Ұлы Дала» жобасы аясында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің «Әлеуметтік-экономикалық пәндер» ЦӘК оқытушылары Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесіп 1 курс студенттеріне "Кент - қола дәуірінің қала типті қонысы" тақырыбында танымдық сабақ өткізді. «Жалпы тарих, археология және этнография» кафедрасының меңгерушісі, лектор Әділ Болатұлы студенттерге облысымыздың қола дәуіріндегі археологиялық ескерткіштерін, соның ішінде ғылыми зерттеулерде Орталық Қазақстанның қола дәуіріндегі ірі және көрнекті құрылымдары болып табылатын ескерткіштерді көрсетті. Квадрокоптерден алынған суреттердің көмегімен студенттер археологиялық алаңдарды жақынырақ көріп, жалпы көріністерімен танысты.

Подробнее...

05.12.2020 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Әлеуметтік-экономикалық пәндер» циклдық-әдістемелік комиссиясының шығармашылық апталығы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «БІРЛІК ПЕН ДАМУДЫҢ 30 ЖЫЛЫ» атты колледжішілік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Мақсаты: Тамырын тереңге жайған Қазақ елі үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл ішінде жүріп өткен даңғыл жолын және бүгінгі уақытта нақты атқарылған істердің маңыздылығын ашу. Конференция жұмысы екі бағытта жүрді: «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл – дамудың жарқын жолы» (Елбасының Тәулесіз мемлекет құрудағы тарихи рөлі, экономикалық, әлеуметтік, халықаралық дамуындағы жеткен жетістіктері туралы) және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл – татулық пен бірліктің кепілі» (ішкі саяси тұрақтылық, азаматтық татулық және этносаралық келісім қағидалары туралы). Студенттер тәуелсіз еліміздің сыртқы және ішкі саясаты, әлеуметтік- экономикалық дамуын, қазақ халқының басты құндылығы болып саналатын ұлттар арасындағы татулық туралы ізденіс жұмыстарын, ой толғауларын көпшілік назарына ұсынды.

Подробнее...

27.11. – 03.12.2020ж. күндері Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің медбикесі Шокубаева Б.Б. Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «ЖИТС-қауіпті дерт» тақырыбында Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығымен бірлесе отырып, онлайн кездесу өткізді. Кездесуде АИТВ және ЖИТС ұғымдары, берілу жолдары, алдын алу мәселелері талқыланды. ЖИТС ОО дәрігер-эпидемиологы, Маненова А.А. тегін тексеруден өтуге болатын шаралар туралы толық мәлімет беріп, студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.

Подробнее...

Задумались о посещении нашего колледжа?

Карагандинский гуманитарный колледж оказывает услуги в сфере технического, профессионального, послесреднего образования, осуществляя подготовку специалистов с образованием на базе 9 и 11 классов средней школы. ДА!