попечительский совет

«Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК Қамқоршылық кеңесінің мүшелері

www.enbek.kz

электронная биржа труда Министерства труда и социальной защиты населения РК

ANTIKOR

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

--

www.fincenter.kz

Мемлекеттiк және жеке меншік мектептердегі жан басына шаққандағы қаржыландыру

Подушевное финансирование в государственных и частных школах

Расписание занятий

Расписание занятии на 2020-2021 учебный год

16.01.2021 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Ж.Тәшенов атындағы «Жыл ақыны-2019» жүлдесінің иегері, колледж түлегі Хасен Кәмшат Бауыржанқызының шығармашылығына арналған «Өлеңнен тұрар әлемім» атты онлайн кездесу өтті. Мақсаты: қазақтың қасиетті қара өлеңінің мазмұнын түсінуге, шығармашылығын ұштауға, мамандықтың қыр-сырына үңілуге, адал еңбек етуге, кәсіптік бағдар беруге икемдеу. Кездесуге Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі, дәстүрлі әнші, сазгер Шыңғыс Сәрсенбаев, қаламыздағы №77 мектептің оқушылары және колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Студенттер Кәмшат ақынның жақында жарық көрген «Сен және мен» лирикалық жыр жинағына енген өлеңдерін мәнерлеп оқып, сұрақтар қойды. Кәмшат Бауыржанқызы студенттерге өлеңдер жинағын тарту етті.

Подробнее...

28.12.2020ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қалалық орталығымен бірлесе отырып, «Covid-19 індетінің алдын-алу шараларына байланысты балалардың қауіпсіздігі мен тіршілік әрекеті ережелерін сақтау» тақырыбында ата-аналарға арналған вебинар өткізді. Жасөспірімдер дәрігері Кошелева Н.Ф. короновирус инфекциясы, олардың жұғу жолдары, инкубациялық режим, инфекция белгілері және олардың алдын алу шаралары жайында түсіндірді.

Подробнее...

2020 жылдың 15 желтоқсанында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты онлайн салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік кеште Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалып, колледж басшысы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Әміров Есжан Сарманқұлұлы ұжымды ұлттық мерекемен құттықтады. Іс-шара барысында студенттер мен оқытушылардың орындауында Ә.Желдібаев «Ерке сылқым», Н.Тілендиев «Жекпе-жек», халық әні «Екі жирен», Е.С. Әміров «Асқақта елім», А.Бабаджанян «Ноктюрн» әндері шырқалды. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!

Подробнее...

25.12.2020ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын кәсіптік білім беруде жүзеге асыру» тақырыбында Жас мамандар мектебінің отырысы өтті. Вебинарда өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Торебаева Г.Р. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының педагогикалық, психологиялық, философиялық негіздері туралы мәлімет беріп, жалпыадамзаттық құндылықтарды пәндердің мазмұнына интеграциялау жолдарын түсіндірді.

Подробнее...

14.12.2020 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Мамандыққа қош келдіңіз!» тақырыбында «Көркем еңбек» және «Дизайн» бөлімінің 1 курс студенттеріне арналған ашық тәрбие сағаты өтті. 4 курс студенттері колледж туралы ақпаратпен, кәсіби қалыптасу жолындағы қиындықтарды жеңудегі өз тәжірибелерімен бөлісті. 1 курс студенттері викториналық сұрақтарға жауап беріп, өздерін толғандырған тақырыптар жайлы ой бөлісті.

Подробнее...

Задумались о посещении нашего колледжа?

Карагандинский гуманитарный колледж оказывает услуги в сфере технического, профессионального, послесреднего образования, осуществляя подготовку специалистов с образованием на базе 9 и 11 классов средней школы. ДА!