попечительский совет

«Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК Қамқоршылық кеңесінің мүшелері

www.enbek.kz

электронная биржа труда Министерства труда и социальной защиты населения РК

ANTIKOR

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

--

www.fincenter.kz

Мемлекеттiк және жеке меншік мектептердегі жан басына шаққандағы қаржыландыру

Подушевное финансирование в государственных и частных школах

Расписание занятий

Расписание занятии на 2020-2021 учебный год

04.02.2021ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің оқытушысы Мадешова А.А. «Мейірімділік – жан айнасы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Аталған шараға «Мерей» бөбекжайы ұжымы және колледж оқытушылары қатысты.

Подробнее...

03.02.2021ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің аясында «Сүйіспеншілік сабағы» педагогикалық фестивалінің шымылдығы ашылды. Өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Торебаева Г.Р. «Адамның рухани саулығы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта рухани қазынаның негізі, адамды рухани бай болуға жетелейтін қасиеттер, жақсы мен жаманды, ақиқат пен жалғанды ажырата білу үшін адамға қажетті құндылықтар жайында студенттер өз ойларымен бөлісті. Ашық сабақ рухани бай, білікті және жан-жақты жетілген адам болуға тәрбиелеуге, жауап берушілерді тыңдай білуге, өмірлік ұстанымының болуына ықпал етті. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында тәжірибе алмасу бойынша сабаққа Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ТжКБ бөлімінің әдіскері Оспанова А.К., «Өзін-өзі тану» пәні облыстық әдістемелік бірлестік оқытушылары және колледж оқытушылары қатысты.

Подробнее...

«BILIM-ORKENIETI» Ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын педагогтер мен студенттер, оқушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген, Ыбырай Алтынсарин атындағы ІІ республикалық олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломға және төсбелгіге ие болған колледжіміздің Б-20 тобының студенті Нұржан Жаннұр Нұржанқызын және жетекшісі Исатаев Дархан Касаровичті құттықтаймыз! ІІ дәрежелі диплом Нұржан Жаннұр Нұржанқызы

Подробнее...

02.02.2021ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында студенттер мен оқытушылардың орындауында Құрманғазының күйі «Балбырауын», К. Дюсекеев «Ноктюрн» орындалып, Шәмші Калдаяқовтың «Ана туралы жыр», «Арыс жағасында» және халық әндері шырқалып, хордың орындауындағы «Армысың туған жер» әнімен мереке шымылдығы жабылды. Ашылу салтанатына Қарағанды облысының білім басқармасының бас маманы Суюмбаева Ж.С., «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы аясында пилоттық білім беру ұйымдарының оқытушылары, «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері қонақ ретінде қатысты.

Подробнее...

КМҚК «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде» 2020-2021 оқу жылының І- жартыжылдығында колледжішілік бөлімдер арасында өткізілген «Қашықтықтан оқыту жүйесіндегі «Үздік мамандық-2020» жобасының қорытындысы жасалды. Аталмыш жобаның негізгі мақсаты: сollege.sdot.kz платформасында оқыту сапасын жақсарту және оқыту процесіне қатысушыларының белсенділігін арттыру болып табылады. Жобаның қорытындысы бойынша келесі номинацияларда жеңімпаздар анықталды: «Оқу құжаттамасын үздік жүргізген оқытушы», «Үздік онлайн сабақ», «Үздік контент», «Үздік топ жетекшісі», «Үздік бөлім меңгерушісі». «Үздік мамандық»: • І-орын «Бастауыш білім беру бөлмі», «Қазақ тілі және әдебиеті бөлімі», «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту бөлімі», «Шет тілі бөлімі». • II-орын «Көркем еңбек бөлімі», «Музыкалық білім беру бөлімі». • III-орын «Дене шынықтыру және спорт бөлімі».

Подробнее...

Задумались о посещении нашего колледжа?

Карагандинский гуманитарный колледж оказывает услуги в сфере технического, профессионального, послесреднего образования, осуществляя подготовку специалистов с образованием на базе 9 и 11 классов средней школы. ДА!