- Подробности
- Автор: Skladpro.kz
-
Категория: Главная
-
Опубликовано: 09 Февраль 2021
-
Просмотров: 94
09.02.2021ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Шамшырақ» үйірмесі мүшелерінің ұйымдастыруымен «Қазақтың қара өлеңі – құдіретім» тақырыбында саф өлеңнің жүйрігі, ақиық ақын, қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған әдеби-танымдық кеш өтті. Іс-шара барысында үйірме мүшелері ақынның өмір жолы мен шығармашылығына тоқталып, лирикалық өлеңдерін оқыды. Алтын қордағы бейнебаяндардан ақынның үнін тыңдап, өлеңдеріне жазылған әндер шырқалды. Мұқағали – мәңгілік өмір! Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – болашақ ұрпақтың еншісі. Ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлеңқұмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек.
Подробнее...- Подробности
- Автор: Skladpro.kz
-
Категория: Главная
-
Опубликовано: 06 Февраль 2021
-
Просмотров: 123
06.02.2021 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында 1 – 3 курс студенттері арасында «Қазіргі заманғы жастарға патриотизм тән бе?» тақырыбында дебат сайысы өтті. Сонымен қатар, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Қазақ тілі және әдебиеті» бөлімінің 1, 2 курс топ жетекшілері Петрова Т.А., Орынбасарова Ж.У. Әбеуова Б.К. «Мейірімділік – жан айнасы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты барлық қатысқан студенттер үшін оң әсерін тигізді.
Подробнее...- Подробности
- Автор: Skladpro.kz
-
Категория: Главная
-
Опубликовано: 04 Февраль 2021
-
Просмотров: 76
04.02.2021ж. күні «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен ТжКБ ұйымдарына арналған «Сүйіспеншілік және Шығармашылық педагогикасы» атты Республикалық педагогикалық оқулары өтті. Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Валиева А.Г. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асырудағы мұғалімнің рөлі» тақырыбында баяндама жасады.
Подробнее...- Подробности
- Автор: Skladpro.kz
-
Категория: Главная
-
Опубликовано: 04 Февраль 2021
-
Просмотров: 165
Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Lesson study» тәсілі арқылы колледж оқытушыларының зерттеушілік дағдыларын дамыту» тақырыбында постерлік сессия өткізілді. Постерлік сессия «Lesson study» жобасы бойынша жұмыс жасап жатқан оқытушылардың зерттеу нәтижелерін жалпылау және тарату мақсатында ұйымдастырылды. Сессияға бекітілген бағдарлама бойынша 45 оқытушы қатысып, өз тәжірибелерін ортаға салды. Сессия барысында эксперттік комиссия жұмыс істеп, ең үздік постерлерді анықтады. Колледж директоры Әміров Е.С. шараның маңыздылығын атап өтіп, үздік шыққан шығармашылық топ мүшелерін құттықтады.
Подробнее...- Подробности
- Автор: Skladpro.kz
-
Категория: Главная
-
Опубликовано: 04 Февраль 2021
-
Просмотров: 94
04.02.2021 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында «Бастауыш білім беру» мамандығының 4 курс студенті Смагулова Аружан Өзін-өзі тану пәнінен «Жақсылық жасауға асығайық» тақырыбында «Құлыншақ» балалар үйінің 3-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді.
Подробнее...