- Подробности
- Автор: Skladpro.kz
-
Категория: Главная
-
Опубликовано: 03 Декабрь 2020
-
Просмотров: 140
27.11. – 03.12.2020ж. күндері Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің медбикесі Шокубаева Б.Б. Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «ЖИТС-қауіпті дерт» тақырыбында Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығымен бірлесе отырып, онлайн кездесу өткізді. Кездесуде АИТВ және ЖИТС ұғымдары, берілу жолдары, алдын алу мәселелері талқыланды. ЖИТС ОО дәрігер-эпидемиологы, Маненова А.А. тегін тексеруден өтуге болатын шаралар туралы толық мәлімет беріп, студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.
Подробнее...- Подробности
- Автор: Skladpro.kz
-
Категория: Главная
-
Опубликовано: 30 Ноябрь 2020
-
Просмотров: 143
26-30.11.2020ж. күндері Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ашық тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағатының мақсаты - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екені жайлы жан-жақты ақпарат беру, елімізді еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, Алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін ашу, Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Колледж студенттері Елбасының өмір жолымен танысып, қызықты деректерден мағлұмат алды.
Подробнее...- Подробности
- Автор: Skladpro.kz
-
Категория: Главная
-
Опубликовано: 30 Ноябрь 2020
-
Просмотров: 137
30.11.2020ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған онлайн форматта «Елбасы – ел тірегі» атты салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты жиында Тұңғыш Президентіміз туралы бейнебаян ұсынылып, Елбасымыздың өмір жолдарымен таныстырды. Колледж студенттері өз шығармашылығынан Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа арнаған өлең шумақтарын тарту етіп, әндерін шырқады.
Подробнее...- Подробности
- Автор: Skladpro.kz
-
Категория: Главная
-
Опубликовано: 30 Ноябрь 2020
-
Просмотров: 144
30.11.2020 күні Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің «Өзін-өзі тану» пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы өтті. «Ы. Алтынсарин шығармаларындағы рухани құндылықтар» тақырыбында өзін-өзі тану сабақ жоспарымен «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК оқытушысы Жумкина Д.Б. таныстырып, тәжірибе алмасты. «Өзін-өзі тану» пәнін Техникалық және кәсіптік білім беруде интеграциялау» тақырыбында баяндама оқыған «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК оқытушысы Валиева А.Г. өзін-өзі тану пәнінің арнайы пәндермен интеграциялау әдістемелік тәсілдерін көрсетіп, сабақ өткізу бойынша әдістемелік нұсқауларды ұсынды.
Подробнее...- Подробности
- Автор: Skladpro.kz
-
Категория: Главная
-
Опубликовано: 27 Ноябрь 2020
-
Просмотров: 139
27.11.2020ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өнегелі өмір жолы мен қызметі жайлы «ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕГІЗ ҰҒЫМ» тақырыбында колледж студенттерімен онлайн форматта экскурсия өткізді. Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының экскурсиялық-бұқаралық бөлімінің басшысы Оразымбетов Құрманшәді Ынтықбайұлы Елбасының жүріп өткен жолы мен тарихи-мәдени орталықта орналасқан барлық экспонаттармен білім алушыларды таныстырды. Үлкен алты залды қамтыған тарихи-мәдени орталықтың әр бөлімі бірін-бірі байланыстырып тұратын жәдігерлермен толыққан. Экскурсия барысында Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығының аға қызметкері білім алушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, тарихи-мәдени орталықтың келешектегі жоспарымен бөлісті.
Подробнее...