попечительский совет

«Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК Қамқоршылық кеңесінің мүшелері

www.enbek.kz

электронная биржа труда Министерства труда и социальной защиты населения РК

открытый бюджет

Основные показатели финансовой деятельности КГКП «Карагандинский гуманитарный колледж» по состоянию на «17» октября 2018г

--

www.fincenter.kz

Мемлекеттiк және жеке меншік мектептердегі жан басына шаққандағы қаржыландыру

Подушевное финансирование в государственных и частных школах

Расписание занятий

Расписание занятии на 2020-2021 учебный год

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ! Құрылтайшысы Қарағанды облысы Білім басқармасы болып табылатын «Қарағанды гуманитарлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорныны үшін 2020 жылдың 15 қыркүйегі колледждің естелік қорына тарихи күн болып жазылмақ. Себебі Қарағанды облысы әкімінің 15 қыркүйек 2020 жылғы №61/02 қаулысы мен «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны деп аталатын болады. Болашақ ұстаз дайындауда талмай қызмет жасап келе жатқан педагогикалық ұжымды жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз. Білім беру саласындағы беделіміз әрқашан биік болсын!

Read more...

28.10.2020 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі «Қазақ тілі және әдебиеті» бөлімінің 4-курс студенттері 01.09‒28.10.2020 ж . аралығында өткен байқау іс-тәжірибесі бойынша онлайн есеп беру конференциясын өткізді. Конференция мақсаты ‒ жаңартылған білім мазмұнындағы сабақтың қысқа мерзімді жоспарына талдау жасау, көпшіліктің назарына жоба қорғау ретінде ұсыну. Конференцияда студенттер «Оқу және сабақ мақсаттары. Бағалау критерийлері», «Тілдік мақсат», «Құндылықтарды дарыту», «Алдыңғы білім. Пәнаралық байланыс», «Сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер», «Дескриптор, қалыптастырушы бағалау, кері байланыс, рефлексия» деген тақырыптарда жоба қорғап, көпшіліктің назарына ұсынып, пікір алмасты.

Read more...

24.10.2020 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» циклдық-әдістемелік комиссиясының шығармашылық апталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлы данышпан Әл-Фарабидың туғанына 1150 жыл, хакім Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Әл-Фараби – Абай: рухани мұраларының үндестігі» тақырыбындағы студенттердің колледжішілік ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Мақсаты:Ұлы данышпандарды тану ‒ халқымыздың тарихын, әдебиеті мен мәдениетін тану, сондықтан әл-Фарабимен А.Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығының қыр-сырына, зерттелуіне, рухани-тәрбиелік тағылымына қатысты зерттеу жұмыстарымен танысып, жоба қорғау. Конференция жұмысы екі бағытта жүрді:1.«Әл-Фараби мен Абай ‒ әлемдік маңызы бар тұлға» (Әл-Фарабидың, А.Құнанбайұлының азаматтық бейнесі, сан қырлылығы туралы); 2.«Әл-Фараби мен Абай мұрасы ‒ бүкіладамзаттық руханияттың інжу-маржаны»(рухани-адамгершілік, тәрбиелік тағылымы және оны оқыту мәселелері туралы). Студенттер әл-Фараби мен А.Құнанбайұлының білім-ғылым, әдебиет пен мәдениет, өнер саласына қосқан өлшеусіз үлесі туралы жоба қорғап, көпшілік назарына ұсынды.

Read more...

28.10.2020 ж. күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы колледж студенттері арасында Қазақстан тарихы пәнінен «Ұлы Жеңісті жүрегімізде сақтаймыз» атты облыстық онлайн олимпиада өткізді. Олимпиада сұрақтары Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесін бейнелейтін мазмұнды тақырыптарды қамтыған. Облыстық онлайн олимпиадаға қатысқан колледжіміздің студенті Қуанышбекқызы Айкөркем І орынды иеленді, ғылыми жетекшісі Аяғанов А.Б.

Read more...

24.10.2020ж күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде қашықтықтан оқыту кезінде «Жасөспірімдерге өзінің психикалық денсаулығын қорғау үшін қалай көмектесу қажет» тақырыбында 1 курс студенттерінің ата-аналарының қатысуымен онлайн вебинар өтті. Колледж психологі психикалық денсаулық мәселесін нығайтуда ата-ана мен баланың өзара тығыз байланысы маңызды екенін айта отырып, ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы жайында кеңес берді.

Read more...

Thinking about visiting our college?

Karaganda Humanitarian College provides the services in the field of technical, professional, and post-secondary education also training specialists with education on the basis of 9 and 11 classes of secondary school. YES!